Алматыда 181 мопед айып тұрағына қойылды
Алматыда жаңа ереже енгізілгелі 552 мопед жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал 181 мопед айып тұрағына қойылды. Мұндай деректі қалалық Полиция департаменті келтірді. Елімізде 5 сәуірден бастап мопедтер механикалық көлік санатына теңестірілген. Оған сәйкес, мопед жүргізушілері тіркеуден өтіп, жүргізуші куәлігін алуға міндетті. Тіркеуден өтпегендерге 10 және 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе 1 жыл көлемінде көлік жүргізу құқығынан айырылады. Алматы полициясы жаңа талаптың сақталуын жіті қадағалап, рейд жүргізіп жатыр. Құқық бұзушылық анықталған жағдайда мопед жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ПД ресми өкілі:
Тіркеу әлі де жалғасуда. 5 сәуірден бастап 1271 мопед тіркелді. Ол жақсы құбылыс. Азаматтар заңға міндетті түрде бағынулары тиіс. Тек қатаң сақтаса ғана, жол жүру ахуалымыз тұрақты болады.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14