Трамптың өкілдері Парижде Еуропа дипломаттарымен кездесіп жатыр
АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы елшісі Стив Уиткофф пен мемлекеттік хатшы Марко Рубио Парижде Еуропа одағы және Украина дипломаттарымен кездесіп жатыр. Бұл келіссөздердің мақсаты – Украинадағы соғысты тоқтату. Айта кетсек, Франция астанасындағы жүздесу Трамптың осы қарулы қақтығысқа нүкте қою әрекеті сәтсіздікке ұшырап, Вашингтон Киев пен Мәскеуден түңіле бастаған сәтте ұйымдастырылып отыр. Өткен аптада Стив Уиткофф Мәскеуде Ресей президентімен кездесті. Болжамдарға қарағанда, америкалық өкіл сол кездесудің қорытындысын еуропалық дипломаттарға жеткізеді. Ал еуропалықтар Құрама Штаттардан Ресейді шартсыз ымыраға көндіруді талап етпек.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15