Президент жұмыс сапармен Маңғыстау облысына барды
Мемлекет басшысы жұмыс сапармен Маңғыстау облысына барды. Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нысанның қызметімен танысып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізеді. Президент алдымен Ақтаудағы көтерме сауда-тарату орталығын аралап көрді. Кешенде 40 мың тонна өнім сақтауға болады. Жобаны жүзеге асыруға 5 миллиард теңге инвестиция тартылған. Жыл соңына дейін орталықтың екінші кезеңін іске қосу жоспарланған. Қазіргі кезде өнім жеткізумен айналысатын отандық ірі кәсіпкерлермен келісімшарт жасау жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр.
Гүлжиһан Жақаева, көтерме тарату орталығының құрылтайшысы:
Облыста біздің ең негізгі проблема - азық-түлік бағасының тұрақсыздығы. Баға үнемі секіріп тұрады. Біздің облыстың орналасуына байланысты және де климатына байланысты азық түліктің 85 проценті сырттан келеді. Ол тұтынушыға жеткенше 30-40 процентке көтеріліп кетеді. Сол азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында салынды көтерме тарату орталығы бұл.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15