Қостанайда мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиеші үтікпен күйдірген
Қостанайда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған интернатта тәрбиеші 16 жастағы жасөспірімді үтік басып күйдірген. Қыз баланың денесіндегі күйік іздерін ауысымды қабылдап алған қызметкер байқаған. Оқиғадан соң мекеме директоры мен 2 тәрбиеші, санитар жұмыстан шығарылды. Қылмыстық іс қозғалды. Заң бойынша кінәлі 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Әлия Мекебаева, Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:
Бейнебақылау камерасына тәрбиеші баланың артынан ұрын жүріп, үтікті артына жасырып келе жатқаны түсіп қалған. Мұндай әрекетке баруына отбасындағы жеке мәселелер әсер етті деп түсіндірді. Дәрігерлер баланы ауруханаға жатқызған жоқ, жарасына жағатын дәрі жазып берді. Қазір онымен психолог, психиатр мамандар жұмыс істеп жатыр.
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14