Президент Маңғыстау облысындағы бірнеше нысанмен танысты
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды. Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нысанның қызметімен танысып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізді. Өңірден Әріптесім Оңғар Алпысбайұлы тікелей эфирге қосылуға дайын тұр.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Президент жұмыс сапарын әлеуметтік маңызы бар нысандардан бастады. Алдымен Көтерме тарату орталығына барды. Кешенде 40 мың тонна өнім сақтауға болады. Қазір облысқа азық-түліктің 85 пайызы сырттан жеткізіледі. Ол тұтынушыға тигенге дейін тағы еселеп қымбаттайды. Сондықтан жыл соңына дейін арзан бағадағы сауда ғимараты ашылады. Нәтижесінде бағаны қазіргі деңгейден 15 пайызға дейін түсіруге мүмкіндік береді. Одан соң Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің технопаркіне барды. Мұнда оқушылар мен студенттер қолөнер, робототехника, жиһаз жасау сияқты үйірмелерге тегін қатысады. Қасым-Жомарт Тоқаев студенттермен әңгімелесу барысында қазір жаңа технологиялар мен жасанды интеллект бағыттарын дамыту өзекті болып отырғанын жеткізді. Одан соң Президент BS арена көпфункционалды спорт кешенінің қызметімен танысты. Мұнда волейбол, баскетбол алаңқайлары, футзал, жабық және ашық теннис корттары, бассейн, жекпе-жек түрлері мен фитнеске арналған залдар бар. Мемлекет басшысы тағы бірнеше нысанға барып, өңірдің әлеуметтік экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізеді. Ол туралы келесі шығарылымда айтамын.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жігерлі жандар – көпке үлгі
16.09.2026, 20:28
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
16.09.2026, 20:27
Талдықорған жастары Қаратал өзенінің жағалауын тазалады
16.09.2026, 20:25
Отандық электровоздарға сұраныс күшейді
16.09.2026, 20:23
Былтыр сыртқы сауда айналымы $144,7 млрд болды
16.09.2026, 20:22
Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады
16.09.2026, 20:20
Ақтауда мектеп асханасындағы ас мәзірі жаңарды
16.09.2026, 20:19
Ауыл мектептеріне ЖИ енгізіле бастады
16.09.2026, 20:18