Израиль ХАМАС тобына қарсы қысымды күшейтпек
Израиль әскері ХАМАС тобына қарсы қысымды одан әрі күшейтпек. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху осылай деп мәлімдеді. Теледидар арқылы үндеу жасаған үкімет басшысы соғыстан шығын көп, алайда оны амалсыздан жалғастырып жатқанын айтқан. Соңғы мәліметтерге сай, Газа секторында Израиль әскерінің шабуылынан қаза тапқандар саны 51 мыңнан асқан. Ал палестиналық қарулы топ 59 израильдікті кепілде ұстап отыр. «Рейтер»-дің мәліметінше, олардың 24-і тірі болуы мүмкін. Осы аптада ХАМАС Израильдің уақытша бітім туралы ұсынысын қабылдамай тастады. Оның орнына соғысты тоқтату туралы келісімге келуді талап еткен.
Биньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі:
Демалыс күндері ХАМАС кепілге алынғандардың жартысын босату және марқұмдардың денесін қайтару туралы ұсынысты тағы да қабылдаған жоқ. ХАМАС соғысты тоқтатуды және өз билігінің сақталуын, Израиль әскерінің толық шығуын, сондай-ақ Газа секторын қайта құруды талап етеді.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15