Оралда мыңнан астам көшет егілді
Оралда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Тұңғыш президент алаңында 55 көшет егілді. Енді шырша мен аққайыңның жасыл желегі саябаққа сән бермек. Бұл жолы мемлекеттік қызметкерлер, қоғамдық ұйым өкілдері бір мезгіл қолына кетпен ұстап, ағаш отырғызды. Шаһарда бір айдан бері апта сайын сенбілік ұйымдастырылып келеді. Осы уақытқа дейін мыңнан астам көшет егілген. Жыл соңына дейін 5 мың ағаш отырғызу көзделген. Игі іс ауыл-аймақта да жалғасын тапты.
Нариман Төреғалиев, Батыс Қазақстан облысының әкімі:
Батыс Қазақстан облысында 238 мың ағаш отырғызу жоспарымызда бар. Бүгінде соның 15%-ы отырғызылды. Қаламызда ертеден өсіп келе жатқан қарағаштар көп-ақ. Теректеріміз де бар. Сол ескірген ағаштардың орнын жаңарту мақсатында қалада экологиялық кеңес құрылды.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Kozybayev University ғалымдары жол жабынының беріктігін арттыратын технология әзірледі
02.11.2026, 18:35
Баламалы энергия көздерін дамыту туралы заң қабылданады
02.11.2026, 17:17
Атырауда экстремистік топтың 10 мүшесі ұсталды
02.11.2026, 17:13
Жол салу стандарттары өзгереді
02.11.2026, 17:12
Мемлекет басшысы Теміртауға жұмыс бабымен барды
02.11.2026, 17:00
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15