Қазақстан мен Түркия Парламенттері ынтымақты арттырады
Қазақстан Парламенті мен Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісі екі елдің ынтымақтастығын арттыратын бастамаларды заңдық тұрғыдан қамтамасыз етіп тұрады. Ерлан Қошанов Түркияға ресми сапары кезінде осылай деді. Қазақстандық делегация бауырлас елдің Парламент басшылығымен кездесіп, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік пен парламентаралық қарым-қатынасты дамыту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ тараптар сауда-экономика, ауыл шаруашылығы, әскери-техникалық саладағы серіктестік мәселелерін де ортаға салды. Мәдени-гуманитарлық қатынасты тереңдету жайы да айтылды.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
Мемлекеттеріміздің арасындағы қарым-қатынас ерекше жақын дер едім. Бұл жақындығымызды екі ел көшбасшылары арасындағы бауырлық байланыстан-ақ аңғаруға болады. Әр кездесуі ынтымақтастықты тереңдетуге зор серпін береді. Дәл осындай достық қарым-қатынас Парламент деңгейінде де қалыптасты. Алда біз өз тарапымыздан екі ел басшыларының уағдаластықтарын заңнамалық тұрғыда жүзеге асырамыз.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жігерлі жандар – көпке үлгі
16.09.2026, 20:28
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
16.09.2026, 20:27
Талдықорған жастары Қаратал өзенінің жағалауын тазалады
16.09.2026, 20:25
Отандық электровоздарға сұраныс күшейді
16.09.2026, 20:23
Былтыр сыртқы сауда айналымы $144,7 млрд болды
16.09.2026, 20:22
Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады
16.09.2026, 20:20
Ақтауда мектеп асханасындағы ас мәзірі жаңарды
16.09.2026, 20:19
Ауыл мектептеріне ЖИ енгізіле бастады
16.09.2026, 20:18