Путин алғаш рет Зеленскиймен тікелей келіссөз жүргізуге дайын екенін аңғартты
Путин Зеленскиймен келіссөз жүргізуге ашық екенін білдірді.
Ресей Президенті 2022 жылы ақпанда басталған соғыстан бері алғаш рет осындай ниет танытып отыр. Мұны көрші ел лидері мемлекеттік телеарна журналисі Павел Зарубинге берген сұқбатында айтты.
Владимир Путин, Ресей президенті:
Кез келген бейбіт бастамаға қатынасымыз оң екенін әрқашан айтып жүрміз. Киев режимі өкілдерінің де көзқарасы осындай деп үміттенеміз.
Зеленский түндегі видеоүндеуінде Путиннің бұл мәлімдемесіне тікелей жауап бермесе де, бейбіт халыққа қарсы соққыларды тоқтату үшін «барлық әңгімеге дайын» екенін хабарлады.
Айта кетсек, қазір екі президент те АҚШ-тың қысымына ұшырап отыр. Бұған дейін Дональд Трамп Украина мен Ресей келіссөздерінде прогресс байқалмаса, Вашингтон соғысты тоқтату әрекетінен бас тартатынын ескерткен еді.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркияда интернет арқылы қылмыс істеген мыңнан аса адам ұсталды
16.09.2026, 20:10
«Отбасы банкке» аударылған зейнетақы жинағын сақтау мерзімі өзгерді
16.09.2026, 20:07
Қызмет көрсету саласының халықаралық нарыққа шығуы жеңілдеді
16.09.2026, 20:06
Кореямен серіктестік: Экономика мен технологияның жаңа кезеңі
16.09.2026, 20:05
Мемлекет басшысы Кореядағы қазақ этноауылына барды
16.09.2026, 20:05
Алғашқы «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті
16.09.2026, 20:04
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 20:03
Еуропада жанармай қымбаттап, инфляция күшейді
16.09.2026, 20:02