Биыл Ақтөбе облысында 11 медициналық мекеме пайдалануға беріледі
Биыл Ақтөбе облысында 11 медициналық мекеме пайдалануға беріледі. Қазір құрылыс жүріп жатыр. Денсаулық сақтау нысандары қайтарылған активтердің есебінен салынуда. Оған арнаулы мемлекеттік қордан 1,4 миллиард теңге бөлінген. Жыл соңына дейін өңірдегі екі ауданда фельдшерлік-акушерлік пункт, 6 ауылда медициналық пункт, тағы үш елдімекенде дәрігерлік амбулатория халық игілігіне берілмек. Барлығы тәулігіне 25-45 науқасқа дейіні қабылдайды. Сондай-ақ жергілікті тұрғындар үшін медициналық қызметтің сапасы жоғары болуын қамтамасыз етеді.
Нұрлан Оразов, Сарысай ауылынң тұрғыны:
Мұндай әлеуметтік нысандар бүкіл ауыл мен елдімекенге керек деп есептеймін. Біз осы уақытқа дейін укол, система алу үшін көрші ауылға баратын едік. Енді мінекей, өзіміздің ауылда салынып, бітейін деп қалды.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15