Жеңімпаз спортшылар Мысырдан оралды
Әлем кубогында үздік нәтиже көрсеткен алматылық гимнастшылар елге оралды. Жеңімпаз спортшыларды жақындары мен достары Алматы әуежайынан қарсы алды.
Мысыр астанасы Каирде өткен байрақты додада Милад Карими ел қоржынын 2 алтынмен толықтырды. Бұл – спортшының осы маусымдағы Әлем кубогынан иеленген алтыншы алтыны. Сайысқа 19 елден 91 спортшы қатысып, бақ сынады. Гимнастикадан Ұлттық құраманың 3 спортшысы ақтық кезеңге өтіп, Милад Карими 14.466 ұпаймен алтын иеленді. Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов 14.200 ұпаймен алтыншы, ал Зейнолла Ыдырысов дәл осы ұпаймен жетінші орынға тұрақтаған еді.
Милад Карими, Әлем кубогының бірнеше дүркін жүлдегері:
Бізді барынша дайындап, қолдау көрсететін бапкерлерімізге ерекше алғыс айтқым келеді. Әлемдегі ең мықты бапкерлер десем, артық айтқандық емес. Әлем кубогы оңайға соққан жоқ. Десе де, тыңғылықты дайындық пен бапкерлердің қолдауы арқасында жеңіс тұғырынан көріндім. Алдағы әлемдік додаларға дайындықты күшейтемін.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15