Иерусалим маңында орман өртімен күрес жалғасып жатыр
Иерусалим маңында орман өрті қаулап, қалаға жақындады. Сондықтан көне шаһар шетіндегі үш елдімекеннің тұрғындары эвакуацияланып, жол жабылды. Қазір Израиль үкіметі халықаралық қауымдастықтан көмек сұрап отыр. Премьер-министр Биньямин Нетаньяху мәлімдегендей, лапылдаған жалынды ауыздықтау үшін Италия мен Хорватия арнайы ұшақ жібермек. Сонымен қатар, Израиль Грекия мен Кипрдан және Болгариядан да жәрдем сұраған. Жалпы алғанда, жасыл желекті жалмап жатқан отты сөндіруге ондаған бригада мен ондаған тікұшақ пен ұшақ жіберілді. Іздеу-құтқару операцияларына әскерилер де көмектесіп жатыр. Әзірге 13 адам жараланғаны белгілі. Құрбандар туралы мәлімет жоқ.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15