Жерлесіміз Азия-Тынық мұхиты аймағының ең үздік лингвисі атанды
Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең үздік лингвисі атанды.
Маңғыстау облысындағы IT-лицейінің оқушысы Рамазан Бутантаев Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасы — APLO-2025-ке қатысып, абсолютті жеңімпазы болды. Ол аймақтың ең мықты қатысушыларын басып озып, алтын медаль иеленді. Айта кету керек, білімділер сайысында Қытай, Австралия, Гонконг, Жапония, Малайзия, Иран, Корея, және Сингапур сияқты елдерден 500-ге жуық дарынды жас бақ сынады. Жалпы, Қазақстан құрамасы 5 медаль және 3 құрмет грамотасын жеңіп алып, лингвистикалық олимпиада тарихындағы ең үздік нәтижені көрсетті.
Рамазан Бутантаев, Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасының жеңімпазы:
Ең алдымен, жаттықтырушыма алғыс айтқым келеді. Өйткені, олимпиадаға бір жыл дайындалдық. Бұл сайыстың мақсаты мен бағыты көпке беймәлім, кеңінен таралып үлгермеген тілдерді насихаттау. Мәселен, мен Венесуэла елінде қолданылатын «Мако» тілінде түрлі тапсырмаларды орындадым. Бұған дейін облыстық, республикалық жарыстарда топ жардым. Енді, міне, халықаралық аренада үздік атанып отырмын. Қатты қуанып тұрмын.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15