Елордада «Азия Көкпар Лигасы» турнирі өтті
Елордада көкпардан командалық «Азия Көкпар Лигасы» турнирі өтті. Байрақты бәсекеде еліміздің әр өңірінен келген 8 команда өзара бақ сынасты.
Турнирге әуесқой шабандоздармен қатар медиа тұлғалар қатысты. Жамбыл облысының «Әулие Ата» командасы бірінші орынды иеленсе, күміс жүлде елордалық «Ынтымақ» командасына, ал үшінші орын «Астана Өнер» құрамасына бұйырды. Шараның ерекшелігі – жарыс аясында аутизмге шалдыққан балаларға арналған иппотерапия алаңы ұйымдастырылды. Бұл бастама ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға қолдау көрсету және ұлттық спортты жастар арасында насихаттау мақсатында қолға алынған.
Әлішер Ислам, «Азия көкпар лигасы» турнирінің басты ұйымдастырушысы:
Жастар командасы қатысады. Ең жас палуан – 14 жасар бала. Ол 6 жасынан атқа мінген. Жастар командасы деп жиналып, ең үлкен деген ағамыз 49-да. Командалық көкпар спорты өзіміздің қала адамдарына, жастарға насихаттау мақсатында ұйымдастырылып жатыр.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындарына бір күн қалды
18.09.2026, 10:09
Азия ойындарының әзірлігі аяқталып келеді
18.09.2026, 10:08
ЕО-ның 27 елінде жасөспірімдердің әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салынуы мүмкін
18.09.2026, 10:07
Ғабит Мүсірепов театры 80 жылдығын Көктөбеде атап өтті
18.09.2026, 10:06
«Жасмин мен Балу» фильмі көрерменге жол тартты
18.09.2026, 10:04
Қостанайда Президенттің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы талқыланды
18.09.2026, 10:01
Ақмола облысында жолаушылар пойызы 13 бас ұсақ малды қағып кетті
18.09.2026, 10:01
Қазгидромет: Қазан айы жылы болады
18.09.2026, 10:00