Елімізде алғаш рет парадзюдодан Әлем чемпионаты өтіп жатыр
Елімізде алғаш рет парадзюдодан Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт сарайына 40 мемлекеттен 300-ден астам балуан жиналған. Бұл жарыс Лос-Анджелес 2028 Паралимпиадасының алдындағы ең ірі лизенциялық турнир.
Ернұр Медет, тілші:
Жаһандық додада 10 салмақта жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан Ұлттық құрамасы бозкілемге барлық салмақ дәрежесі бойынша бірінші нөмірлі спортшыларын шығарып жатыр. Қазір іріктеу кезеңі аяқталды. Өкініштісі, басты фавориттердің бірі, жерлесіміз Ақмарал Науатбек ширек финалда сүрінді. Ол қырғыз балуаны Айбике Ұланбекқызымен белдесіп, ереже бұзғаны үшін жеңіс қарсыласқа берілді. Әттеген-ай деп қалғанмен өзге саңлақтар үмітті ақтап жатыр. Бүгін жарыстың алғашқы күнінде 9 спортшымыз жүлдеге таласпақ. Оның 6-ы қола жүлде үшін, 1-і күміс үшін күреседі. Ал қазірден қанжығамызда 1 алтын бар деуге болады. Себебі 81 келіде Ғалымжан Смағұлұлы мен Бексұлтан Құлмырза – қос жерлесіміз финалда кездеспек.
Татамидегі тартыс 15-сәуірге дейін жалғасады. Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайына келіп, көріңіздер. Жерлестерімізге жанкүйер болыңыздар. Жерлестерімізге жанкүйер болыңыздар.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15