Алименттен жалтарған ата-аналардың қарызы 19 млрд теңгеге жетті
Алименттен жалтарып жүрген 15 мың ата-ананың берешегі19 млрд теңгеге жетті. Әділет министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері 1600-ге жуық борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 126 адам қылмыстық жазаға кесілді. Сондай-ақ сот орындаушылары қарызды өндіру мақсатында біршама азаматтың көлігін айыппұл тұрағына қойып, мүліктерін сатуға шығарған. Десе де, табысын жасыратындар азаймай тұр. Жыл басынан бері жұмыссыз жүрген 1300-ден астам борышкер қызметке орналастырылған. Жалпы елде алиментке қатысты 285 мың іс бар. Оның басым бөлігінде алимент жалақыдан ұсталады. Биыл осылайша 1,6 млрд теңгеден астам қаражат өндірілді.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14