Ауылдардағы скутерлерді жылжымалы қызмет көрсету орталықтары тіркеуге алады
Ауыл тұрғындарының скутерлері мен мопедтерін жылжымалы халыққа қызмет көрсету орталықтары тіркеуге алуы мүмкін. Бүгін Мәжілісте осындай ұсыныс айтылды. Қазір ел аумағында ұсақ техниканы тіркеу науқаны жүргізіліп жатыр. Бүгінге дейін 36 мың мопед мемлекеттік нөмір таққан. Оларды жүргізуші куәлігі бар адамдар ғана басқара алады. Депутаттар шалғайдағы ауыл тұрғындарына техниканы облыс орталығына апарудың қиындығын айтып, тіркеудің басқа тәсілін қарастыруды сұрады.
Қазыбек Әлішев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Ауыл тұрғындарының арнайы мотоциклдерін тиеп, облыс орталықтарына апару оларға ауыр соғып отыр. Осы орайда министрлік тарапынан тапсырма болса. Яғни, жылжымалы тіркеу инспецияларын жібересіздер ме? Ауылдық елді мекендерге сол техникаларын тіркеу мүмкіндігі берілсе.
Игорь Лепеха, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:
Бірінші кезекте біздің мақсатымыз қалалы жерлердегі мопедтерді тіркеуге алу болды. Ауылдық жерлер бойынша механизмін ойластырайық. Мүмкін өзіміз барып тіркеуге аламыз. Тәжірибемізде мұндай жұмыс бар. Сондықтан тиісті тапсырмалар береміз. Тұрғындарға қиын болып жатса, әрине өзіміз барамыз. Самокаттарға жеке нөмір тағу міндеттеледі.
Самокаттарға қатысты да өзгерістер болады. Қазір қала көшелерінде жүрген қос дөңгелекті электр көліктеріне агрегаторлар жеке нөмір бекіткен. Ішкі істер министрлігі енді оның көлемін үлкейтіп, көзге көрінетіндей етіп жазуды міндеттемек. Жол көлік оқиғасы болса, сол нөмір арқылы жүргізушіні табу оңай болады, дейді вице министр. Бұл өзгерістердің велосипедтерге қатысы жоқ.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15