Түркістан облысында субсидияға бөлінген 271 млн теңге жымқырылған
Түркістан облысының прокурорлары Сауран аудандық ветеринария қызметінде субсидияға бөлінген миллиондаған қаражатты жымқыру дерегін әшкереледі. Тергеу барысында Оранғай және Жаңа Иқан ауылдық округтерінің ветеринарлары мен бекет меңгерушісі мал шаруашылығын дамытуға бөлінген қаржыны қалталарына басқан. Яғни, 31 шаруа қожалығында іс жүзінде жоқ малдың бар екендігі туралы жалған мәліметтерді енгізген. Сөйтіп жалпы сомасы 271 млн теңге субсидияны өз пайдаларына жаратқан. Бұл қылмысқа облыстық әскери бөлімінің 1 қызметкері мен 3 мал дәрігері және меңгеруші күдікті ретінде танылып отыр.
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14