Қазақ қызы «Реал Мадрид» клубына жұмысқа тұрды
Қазақ қызы «Реал Мадрид» футбол клубына жұмысқа тұрды. Павлодар қаласының тумасы Альбина Бунескудің айтуынша, ол өткен жылы Астанадағы пәтерін сатып, Мадрид университетінде спорттық маркетинг мамандығы бойынша магистратураға түскен. Бар қаражатын білімге құйған бойжеткен футбол клубында тәжірибеден өтуге берілген мүмкіндікті мүлт жібермеген. Бүгінде испандық футбол клубының маркетологы қызметін атқарады. Альбина кәсіби біліктілігін арттырып, тәжірибе жинақтаған соң Отанға оралмақ. Ол - әлемге әйгілі футбол клубында еңбек ететін алғашқы қазақ екенін айта кетейік.
Альбина Бунеску, «Реал Мадрид» футбол клубының маркетологы:
Әрине, мақсатқа жетер жолда өзіндік азды-көпті қиындық болды. Дегенмен бүгінде жемісін көрудемін. Сондай-ақ алдағы уақытта өз отаныма оралып, жиған-терген білімімді ел игілігіне жұмсаймын. Қазақстанда да спорт саласы дамып, басымдық берілуде. Мен де өз еліміздің спорт саласының дамуына үлесімді қосуға ниеттімін.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15