Криптовалютаға қатысты заңға өзгерістер әзірленді
Қазақстанда криптовалютамен заңды айналысуға мүмкіндік беретін заң әзірленіп жатыр. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов мәлімдеді. Осы саланы зерттеп жүрген мамандардың ақпаратынша, қазір елдегі криптовалюта айналымының 97 пайызы көлеңкелі жолмен жүргізіледі. Яғни, жасырын жұмыс істейді. Салық төлемейді. Цифрлық әлемдегі мүмкіндіктерді Қазақстанда заңдық тұрғыдан реттеуді Президент тапсырған еді. Заңға әзірленген өзгерістер негізгі екі бағыттан тұрады.
Берік Шолпанқұлов, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары:
Бірінші блокта цифрлық қаржы активтерінің құқықтық мәртебесін анықтай отырып, оларды іске қосу көзделеді. Екінші блокта криптовалюта қызметін жеткізушілерді лицензиялау арқылы қамтамасыз етілмеген криптовалюталардың айналымын реттеу ісін енгізу бар.
Темірлан Нұрахимов, криптоакадемия басшысы:
Дәстүрлі төлемдер бүгін біз білетін тұлға және банк. Банк бұл жерде делдал болып тұрады. Криптода, мысалы, адам өз қаражатын өзі басқарып, төлейтін жерін өзі төлеп, комиссиясы сол желі жұмыс істеуі үшін ғана төленеді. Кейбір мемлекеттер төлем құралдарын енгізіп жатыр. Және менің ойымша, осы бағыттағы алғашқы қадамдардың бірі деп ойлаймын.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
37 сарбаз әскерден оралды
04.04.2026, 20:16
Азия чемпионаты: Боксшыларымыз бас жүлдеден үмітті
04.04.2026, 20:14
Кәрім Меңдіханов келер маусымда «Барселона» сапында ойнауы мүмкін
04.04.2026, 20:11
Қазақы тазы саны төрт мыңнан асты
04.04.2026, 20:08
Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттау жөніндегі жоспарды бекітті
04.04.2026, 20:08
Жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы аяқталды
04.04.2026, 20:07
СҚО-да 37 мың адам сенбілікке шықты
04.04.2026, 20:05
Қытайлық блогер Т.Минсю ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды
04.04.2026, 20:05