Қазақстан азаматтығынан бас тартқандар азайып келеді
Қазақстан азаматтығынан бас тартқандардың саны азайып келеді. Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізген Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин осылай деді. Соңғы 6 жылдың статистикасы мынадай. 2019 жылы 1 700 адам азаматтықтан бас тартса, 2020 жылы 944, 2021 жылы 123, 2022 жылы – 114, 2023 жылы 107, ал былтыр 77 адам азаматтықтан шыққан.
Мұның бәрі Қазақстан азаматтығы институтының абырой-беделі артып келе жатқанын және тұрғындардың ел болашағына деген сенімінің нығая түскенін көрсетеді. Былтырдан бастап Қазақстан азаматтығын алушыларға да заң бойынша жаңа талаптар енгізілді.
Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесші:
Сол заңға сәйкес, Қазақстан азаматтығын алған жағдайда немесе қалпына келтірген жағдайда өтінім білдірушілер мемлекеттік тілді білу бойынша арнайы тест тапсыруы керек. Одан басқа, Қазақстан Республикасының Конституциясы, тарихы бойынша белгіленген тәртіпке сәйкес тест тапсыруы керек. Бұл да Қазақстан азаматтығын иеленушілерге ана тіліміздің мәртебесін арттыруға, сыйлауға, тарихын, заңды сыйлауға, құрметтеуге, дәріптеуге, ынталандыруға бағытталған шешімдердің бірі.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15