Е.Қарин: Қазақстан азаматтығынан бас тартқандардың саны азайып келеді
Қазақстан азаматтығынан бас тартқандар саны азайып келеді. Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізген Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин осылай деді.
Соңғы 6 жылдың статистикасы мынадай. 2019 жылы 1 мың 700 адам азаматтықтан бас тартса, 2020 жылы – 944, 2021 жылы – 123, 2022 жылы – 114, 2023 жылы – 107, ал былтыр 77 адам азаматтықтан шыққан.
Мұның бәрі Қазақстан азаматтығы институтының абырой-беделі артып келе жатқанын және тұрғындардың ел болашағына деген сенімінің нығая түскенін көрсетеді, дейді ол. Былтырдан бастап Қазақстан азаматтығын алушыларға да заң бойынша жаңа талаптар енгізілді.
Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:
Сол заңға сәйкес, Қазақстан азаматтығын алған жағдайда немесе қалпына келтірген жағдайда өтінім білдірушілер мемлекеттік тілді білу бойынша арнайы тест тапсыруы керек. Одан басқа, Қазақстан Республикасының Конституциясы, тарихы бойынша белгіленген тәртіпке сәйкес тест тапсыруы керек. Бұл да Қазақстан азаматтығын иеленушілерге ана тіліміздің мәртебесін арттыруға, сыйлауға, тарихын, заңды сыйлауға, құрметтеуге, дәріптеге, ынталандыруға бағытталған шешімдердің бірі.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
37 сарбаз әскерден оралды
04.04.2026, 20:16
Азия чемпионаты: Боксшыларымыз бас жүлдеден үмітті
04.04.2026, 20:14
Кәрім Меңдіханов келер маусымда «Барселона» сапында ойнауы мүмкін
04.04.2026, 20:11
Қазақы тазы саны төрт мыңнан асты
04.04.2026, 20:08
Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттау жөніндегі жоспарды бекітті
04.04.2026, 20:08
Жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы аяқталды
04.04.2026, 20:07
СҚО-да 37 мың адам сенбілікке шықты
04.04.2026, 20:05
Қытайлық блогер Т.Минсю ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды
04.04.2026, 20:05