Өңірлерге жыл сайын 100 млрд теңгеден бөлінбек
Кейбір өңірлердің жылдық бюджеті мәжіліс депутаттарын алаңдатып отыр. Мәжілісте Үкімет сағаты өтіп жатыр.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
2026 жылдан бастап өңірлерге 100 млрд теңгеден бөлінеді. Яғни қаржыландыру көлемі ұлғаяды. Сондай-ақ тұрақты кірістердің 40% жергілікті бюджетке жиналады. Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағатына қатысқан Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин осылай деді. Ресми ақпараттарға сүйенсек, елімізде үш қала Астана, Алматы және Атырау ғана республикалық бюджетке тәуелді емес. Керісінше аталған шаһарлар донор қызметін атқарып отыр. Ал қалған өңірлер әсіресе, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Абай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары бюджетінің 70% республикалық қазынадан толтырылады. Депутаттар осы өңір басшыларына көбірек табыс табудың жолын іздеу керек деді. Тағы бір айта кететін жайт, «Ауыл – ел бесігі», «Қалалардың шеткі аумақтарын дамыту» бағдарламалары жабылатын болды. Бұл ел қазынасынан бөлінген қаражатты тиімді игеру мақсатында жасалған қадам.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықаралық цирк фестивалінің жеңімпаздары анықталды
27.07.2026, 17:09
Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров 80 жасқа келді
27.07.2026, 17:08
Ғылымды дамытуға арналған кешенді жоспар жобасы таныстырылды
27.07.2026, 17:05
Ел жаңалықтарына шолу
27.07.2026, 17:04
Жарқайың ауданында ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 50 млрд теңгеден асты
27.07.2026, 17:02
Токиодан бөлек, тағы бір астана құрылмақ
27.07.2026, 17:01
Президентке Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндалды
27.07.2026, 17:01
Нью-Йорктегі өрттен 21 адам зардап шекті
27.07.2026, 17:00