Қазақстан азаматтарының жеке дерегін сатқан 140 адам ұсталды
Қазақстан азаматтарының жеке дерегін сатқан 140 адам ұсталды. Күдіктілер мәліметтерді мемлекеттік базадан заңсыз алып отырған. Сондай-ақ оны телеграмм арқылы коллекторлық компанияларға саудалаған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілдері мәлімдеді.
Қылмыстық топтың 5 мүшесі қазір қамауға алынған. Оларды тінту кезінде 400-ден астам компьютер мен басқа да электронды құрылғылар тәркіленді. Оқиғаға қатысы бар тұлғалардың толық тобын анықтау жұмыстары жалғасып жатыр, деді құзырлы орган өкілі.
Жандос Сүйінбай, ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы:
Қылмыстық Кодекстің 205 бабы 3-бөлігі - ақпараттық жүйеге заңсыз қолжеткізу, 147 бабы 5-бөлігі - жеке өмірге қол сұғу және жеке деректер туралы заңнаманы бұзу, сондай-ақ 201 бабы 3-бөлігі - шектеулі электрондық ақпараттық ресурстарды заңсыз тарату бойынша қылмыстық істер қозғалды.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53