Жеке деректерді сатқан қылмыстық топ ұсталды
Қазақстан азаматтарының жеке деректерін сатқан 140 адам ұсталды. Күдіктілер мәліметтерді мемлекеттік базадан заңсыз алып отырған. Сондай-ақ, оны телеграмм арқылы коллекторлық компанияларға саудалаған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Қылмыстық топтың 5 мүшесі қазір қамауға алынған. Оларды тінту кезінде 400-ден астам компьютер мен басқа да электронды құрылғылар тәркіленді. Оқиғаға қатысы бар тұлғалардың толық тобын анықтау жұмыстары жалғасып жатыр, - деді құзырлы орган өкілі.
Жандос Сүйінбай, ҚР ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы:
Қылмыстық Кодекстің 205 бабы 3-бөлігі: ақпараттық жүйеге заңсыз қолжеткізу, 147 бабы 5-бөлігі: жеке өмірге қол сұғу және жеке деректер туралы заңнаманы бұзу, сондай-ақ 201 бабы 3-бөлігі шектеулі электрондық ақпараттық ресурстарды заңсыз тарату бойынша қылмыстық істер қозғалды.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15