А.Тағыберген Ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады
Кешегі Солтүстік Македониямен болған кездесу Ұлттық құрама капитаны Асхат Тағыберген үшін соңғы ойын болатын. 34 жастағы жартылай қорғаушының бұл шешімі тек команда үшін ғана емес, бүкіл ел үшін де күтпеген мәлімдеме болды. 11 жыл Қазақстан намысын қорғаған ол спорттық мансабын әрі қарай «Тобыл» футбол клубында жалғастырады. Ол 2014 жылдан бері 63 матч өткізіп, 3 гол соққан. Сондай-ақ 7 нәтижелі пас берген. Уэльс пен Сан-Марино құрамаларына қарсы ойында гол соқты. Ал ЕУРО-2024 турнирінің іріктеу турында Дания қақпасына салған голы ФИФА-ның Пушкаш сыйлығына ұсынылды. Осындай жетістіктен соң ол Президент Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Асхат Тағыберген, футболшы:
Көп хейтерлердің сұрауы бойынша бұл менің соңғы матчым болатын. Өзім шештім, жанұяммен ойласып. Жастарға жол бер деп жатыр, жол берейік. Осы Ұлттық құраманың бір бөлшегі, капитаны болғаныма қуаныштымын. Қолдап жатқан жанкүйерлерге көп-көп рақмет!
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53