Австрияда мектепте болған атыстан кейін үш күнге аза тұту жарияланды
Австрия тұрғындары мектепте болған атыстан қаза тапқандарды еске алу үшін 1 минут үнсіздік сақтады. Грац қаласында мыңдаған адам қайғылы оқиға болған мектептің жанына жиналған. Мұнда кеше 21 жастағы қарулы жігіт оқ атып, 10 адамды мерт қылды. Тағы бірнеше адамды жаралаған. Шабуыл жасаған австриялық азамат бұдан кейін өзіне қол жұмсады. Полицияның мәліметінше, ол жалғыз өзі әрекет еткен. Қазір оның үйі және ғаламторы тексеріліп жатыр. Осы арқылы полиция қылмыстың себебін анықтауға тырыспақ. Кейбір деректерге сай, оқ атқан жігіт кезінде мектепте буллингтен зардап шеккен. Сонымен бірге соңғы емтиханды тапсыра алмаған.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Kozybayev University ғалымдары жол жабынының беріктігін арттыратын технология әзірледі
02.11.2026, 18:35
Баламалы энергия көздерін дамыту туралы заң қабылданады
02.11.2026, 17:17
Атырауда экстремистік топтың 10 мүшесі ұсталды
02.11.2026, 17:13
Жол салу стандарттары өзгереді
02.11.2026, 17:12
Мемлекет басшысы Теміртауға жұмыс бабымен барды
02.11.2026, 17:00
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15