Қазақстандық мерген күміс медальге ие болды
Қазақстандық мерген Валерий Рахимжан Германияда өтіп жатқан әлем кубогында күміс медаль жеңіп алды. Ол тапаншамен 10 метрден нысана көздеу бойынша сынға түсті. Іріктеуде 583 ұпай жинап, 6-орынмен финалға жолдама алды. Жарыстың шешуші кезеңіне дейін топ бастап келген отандасымыз соңғы мүмкіндігін сәтті пайдалана алмады. Осылайша қытай спортшысы 0,3 ұпай айырмасымен жеңімпаз атанды. Қола жүлде Германия өкіліне бұйырды. Мюнхендегі әлем кубогы 15 маусымға дейін болады. Ел намысын 15 спортшы қорғайды.
Валерий Рахимжан, спортшы:
Әрине мен үшін бірінші медаль болған соң қатты қобалжып тұрмын. Бұл жетістік оңай келген жоқ, көп еңбектендім. Енді келесі жолы алтын медаль жеңіп аламын деп ойламын. Сол үшін барымды саламын. Бүгінгі қателік бойынша алдағы уақытта жұмыс істеймін.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15