Тұтынушылар 900 млн теңгеге жуық қаржысын қайтарып алды
Тұтынушылар 900 млн теңгеге жуық қаржысын қайтарып алды. Бұл бес айдағы көрсеткіш. Шағымдар тауарлар мен қоғамдық тамақтану, фитнес, жылжымайтын мүлік, саяхатқа қатысты көп болған. Мәселен, Түркістан облысында Дубай қаласына орындалмаған тур үшін 1,2 млн теңге қайтарылды. Ал Шымкентте санитарлық талаптарға сәйкес келмейтін жерде көрсетілген фитнес қызметтері үшін тұтынушыларға өтемақы берілді. Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің ақпаратына сәйкес, азаматтар тіпті 700 теңге тұратын сапасыз ойыншыққа қатысты да өтемақы талап етіп, өз құқықтарын қорғаған. Министрлік қазақстандықтар тұтынушылық құқықтарын қорғауда белсенділік танытып келе жатқанын айтады.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдіктер Қазақстанға келу үшін электронды рұқсат алуы керек
02.11.2026, 13:02
Президент жұмыс бабымен Қарағанды облысына барды
02.11.2026, 13:00
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03