Елімізде ауа температурасы +46 градусқа дейін көтеріледі
Елімізде 46 градусқа дейін аптап ыстық болады. Алдағы үш күнде ауа температурасы рекордтық деңгейге жетуі ықтимал. Қазгидромет мамандарының болжамына сәйкес, Қызылордада 46, Түркістан өңірінде 44, Жамбыл облысында 35-40, Алматы облысында 36, Ұлытауда 38, Ақтөбеде 41, Маңғыстау облысында термометр бағамы 38 градусқа дейін көтеріледі. Ал Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарында жауын жауады деп болжанып отыр.
Назира Молдабекқызы, терапевт-дәрігер:
Қан қысымы жоғары адамдарға, жүкті әйелдерге және де кішкентай балаларға күндізгі сағат 11 мен кешкі 5-тің арасында шұғыл жұмыстары болмаса, далаға шықпаған жөн. Аптап ыстық кезінде өте қатты маңызды бұл - судың балансын сақтау. Адам өз салмағына байланысты әр салмаққа 30 мл су ішуі керек. Мысалы, сіздің салмағыңыз 50 келі болса 1,5 литр тек су ішуі керек. Содан кейін қан қысымы жоғары кісілер көшеге шыққан кезде міндетті түрде алғашқы көмек көрсететін дәрілерді салып алғаны дұрыс. Далаға шығатын болса, қан қысымын реттеп, содан кейін шығуға болады.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08