Астанада балабақшада балаларға күш қолданған тәрбиеші жұмыстан босатылды
Астана балабақшаларының бірінде күтуші балаларды ұрып-соққан. Жағдай ата-аналардың полицияға жазған шағымынан кейін белгілі болды. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Балабақша әкімшілігі жағдайды растап, тиісті бейнежазбалар мен материалдарды тергеушілерге тапсырған. Бүлдіршіндерге күш көрсеткен зейнет жасындағы қызметкер бұл мекемеде небәрі жарты жыл көлемінде еңбек еткен. Айыбын мойындаған қызметкер жұмыстан босатылып, мекемеде бақылау күшейтілген. Соққы көрген балалардың жағдайы қанағаттанарлық, балабақшаға қатынап жүр.
Самал Ермағамбет, балабақша меңгерушісінің міндетін атқарушы:
Осыған дейін ол кісінің ешқандайда теріс қылық байқаған жоқпыз. Бұл оқиғаға байланысты әкімшілік барлық шара қолданылды. Камера жазбасы бойынша тәрбиешінің көмекшісі баланы ұрғаны расталды. Бұл мәселе ары қарай полиция департаментіне жіберілді.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15