Қостанай облысында бір аптада 3 бала терезеден құлады
Қостанай облысының Рудный қаласында бір аптада 3 бала терезеден құлады. 16 маусым күні 7 жасар бала үйдің бесінші қабатынан, дәл сол күні бірнеше сағаттан соң 1,5 жастағы бүлдіршін екінші қабаттан құлап, ауруханаға түсті.
Өкіншіке қарай, бір апта жансақтау бөлімінде жатқан бүлдіршін ауыр жарақат салдарынан көз жұмды. 22 маусым күні тағы бір - 2 жастағы бала екінші қабаттан құлап, бірнеше күннен соң облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды.
Игорь Белобржицкий, Қостанай облыстық балалар ауруханасының хирургі:
2018 жылғы баланың екі өкпесіне зақым келген. Рудный қаласының дәрігерлері алғашқы көмек көрсетті, кейін осы жерде толық ем алды. Ертең үйіне шығарамыз. Ал 2 жасар баланың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Есін біледі. Сондықтан ата-аналар мұқият болып, бала қауіпсіздігі үшін терезеге металл тор қоюы қажеттігін ескертеміз.
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53