Газа секторында соғыс құрбандары 56 мыңнан асты
Газа секторында жағдай тұрақталған жоқ. Израиль армиясы мен дрондар секторда гуманитарлық көмекке кезекте тұрған палестиналықтарға оқ жаудырды. Соңғы мәліметке қарағанда, 44 адам мерт болған. Осылайша соғыс құрбандарының саны 56 мыңнан астып отыр. Мұны Газаның денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Алайда Израиль жауынгерлері өздеріне күдікті көрінген адамдарды атқанын айтады. Израиль Газаға шабуылды 2023 жылы қазанның 7-де өзінің оңтүстігінде 1200 адам өлтіріліп, 251-і кепілге алғаннан кейін бастады. Содан бері «Хамасқа» қарсы операциялар барысында палестиналық анклавтың түгелге жуығы қирап, 2 миллиондай халықтың басым бөлігі аштыққа ұшырап, ондаған мың әйел мен бала қаза тапқан.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15