Оралда жоғалып кеткен 11 жастағы бала табылды
Оралда із-түзсіз жоғалып кеткен 11 жастағы бала аман-есен табылды. Іздестіру шарасына полицияның жеке құрамы мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері тартылды. Жасөспірім «Волна» саяжайындағы үйінен шығып, қайта оралмаған. Ол Алматы қаласындағы «Инсайт» жекеменшік мектебінің 2-сынып оқушысы. Ата-анасынан өтініш түскен бойда облыстық полиция, Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері және еріктілер мен жергілікті тұрғындар да баланы іздеуге шыққан. Бала аман-есен табылды. Ювеналды полиция қызметкерлері оқиға қайталанбас үшін ата-анасымен түсіндіру жұмысын жүргізеді.
Нұрлан Бисенов, облыстық ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы:
Іздестіру шараларының барысында із-түссіз жоғалған Кузнецов Максим Зачаган кентінде қазір табылды, Мөңкеұлы көшесінде. Қазір учаскелік полиция инспекторына, біздің басқа да азаматтарға рахмет! Олар көріп, шамамен бала ұқсайды деп бізге мәлімет берді. Мекенжайды, сол ауданды қарап, баланы таптық. Бала тірі. Аман-сау. Қазір әке-шешесіне беріледі.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15