Қостанайда капсулалы эндоскопия қолданысқа енді
Қостанайда енді науқастардың асқазан-ішек жолдарына диагностика жасау үшін капсулалы эндоскопия қолданылады. Бүгін ресейлік мамандар жергілікті дәрігерлерге арнайы дәріс өткізіп, жаңа технологияның қыр-сырын таныстырды. 7 микрондық бейнекамерасы бар дәрі көлеміндей ғана құрылғы науқастың іш құрылысын суретке аса дәлдікпен түсіреді. Ол ауруды отасыз анықтап, асқыну қаупінсіз дереу диагноз қоюға мүмкіндік береді. Мұндай технология елімізде жеті медициналық орталықта жұмыс істейді.
Петр Шевченко, М.Ф.Владимирский атындағы Мәскеу облыстық ғылыми-зерттеу клиникалық институтының профессоры:
Диагнозды қысқа уақыт ішінде анықтауға мүмкіндік береді. Қан кету, қатерлі ісік сынды ауруларды анықтай алады. Капсуланың өзі бір реттік қолданысқа жарайды. Ал барлық ақпарат 8 сағат бойы құрылғыға жазылады. Кейін дәрігерлер соған сүйеніп, диагноз қояды.
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық өнердің ұстаханасы жаңартылады
27.07.2026, 20:58
Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
27.07.2026, 20:56
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
27.07.2026, 20:06
«Болашақ ойындары – 2026»: Халықаралық командалар Астанаға жинала бастады
27.07.2026, 20:04
БҚО-да 116 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды
27.07.2026, 20:04
Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста
27.07.2026, 20:03
«Таза Қазақстан» акциясы аясында табиғи аумақтар тазартылды
27.07.2026, 20:02
Маңғыстаудың жартас мешіттері Дүниежүзілік мұралар тізіміне қосылды
27.07.2026, 20:01