Жапонияда қоқысты сұрыптамай тастайтындардың есімі елге жарияланады
Жапонияның Фукусима қаласында қоқысты сұрыптамаған кәсіпорындар мен тұрғындардың атын жариялап, оларды ұялту тәсілі енгізілді. Мұны «BBC» телерадиокорпорациясы хабарлады. Оның дерегінше, Жапонияда қалдықтар жанатын, жанбайтын және қайта өңделетін болып үшке бөлінеді. Сол қоқыстар міндетті түрде сыртқа бөлек қапқа салынып шығарылуы керек. Бұл тәртіпке көнбегендердің есімдері анықталып, бірінші оларға ауызша, содан кейін жазбаша ескерту жасалады. Содан кейін қоқыс сұрыптау ережесін бұзғандардың аты-жөндері үкімет сайтында шығады.
Жапония 1990 жылы ұлттық мақсат қойды. Оған сәйкес, Күн Шығыс елі қоқыс полигондарынан арылып, қалдықтарды азайтып, оларды қайта өңдеу жұмыстарына ықпал етіп отыруы керек.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Прокуратура күніне орай жасөспірімдер арасында дзюдодан жарыс өтті
06.12.2025, 17:26
«Шапағат–2025» Республикалық өнертабыстар байқауының жеңімпаздары анықталды
06.12.2025, 17:25
Шиелі ауданында әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арналған жаңа тұрғын үйлер ел игілігіне берілді
06.12.2025, 17:25
Шымкентте еліміздегі алғашқы жедел қызметтердің әмбебап кешені ашылды
06.12.2025, 17:24
Кендірлі әуежайының құрылысы қарқынды жүріп жатыр
06.12.2025, 17:23
Әкімдер кәсіптен түскен табыстың бір бөлігін ауыл игілігіне жұмсауды қолдайды
06.12.2025, 17:22
Түркістан облысында 34 инвестициялық жоба іске қосылды
06.12.2025, 17:15
БҚО-да жас ғалым түйе сүтінен балмұздақ жасап шығарды
06.12.2025, 17:10