Алматы облысында итке таланған жеткіншек клиникалық ауруханаға ауыстырылды
Алматы облысында қабаған үш ит талап тастаған 10 жасар жеткіншек облыстық балалар клиникалық ауруханасына ауыстырылды. Дәрігерлер баланың жансақтау бөліміне жатқызылғанын, жағдайы ауыр, бірақ тұрақты екенін хабарлады. Жеткіншекпен және оның анасымен клиникалық психолог жұмыс істеген. Ал Алматы облыстық Полиция департаменті әлеуметтік желілерде тараған «баланы иттерден құтқарған зейнеткер Серікбек Сахайбеков жауапкершілікке тартылды» деген ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды. Аталған азаматқа қатысты ешқандай процессуалдық шешім қабылданбаған.
Меруерт Морякова, Алматы облысы ПД ресми өкілі:
Кәмелетке толмаған баланы қабаған иттердің шабуылынан құтқарған азаматтың әрекеті қолданыстағы заңнама нормаларын бұзбайды. Сотқа дейінгі тергеу аясында иттің иесінің әрекеті жан-жақты зерттеліп, оларға тиісті құқықтық баға беріледі. Қандай да бір заң бұзушылық белгілері анықталса, ол заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15