Йемендік хуситтер жүк кемесіне шабуыл жасады
Йемендік шиит-хуситтер Қызыл теңізде жүк кемесіне шабуыл жасады. Еуропа одағының теңіз миссиясының дерегінше, үш адам қаза тапты. Суға батып кеткен кеме грекиялық операторға тиесілі. Оны шағын қайықтарға мінген хуситтер реактивтік гранатамен атқылаған. Кейбір мәліметтерге қарағанда, шабуылға дейін бортта 25 адам болған. Олардың 21-і – филиппиндіктер, біреуі – ресейлік. Жоғалып кеткендер кепілге алынды деген болжам бар. Он адам құтқарылған. Айта кетсек, хуситтер палестиналықтарға қолдау ретінде 2023 жылдың қарашасы мен 2024 жылдың желтоқсаны аралығында Қызыл теңізде 100-ден астам кемеге соққы берген.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15