Елімізде соңғы 5 жылда ең төменгі жалақы 2 есе өскен
Соңғы 5 жылда ең төменгі жалақы екі есе өскен. Яғни, 2 миллионға жуық еңбек адамының жағдайы түзелген. Бұл туралы Кәсіподақтар федерациясының 27-съезінде айтылды. Сатыбалды Дәулеталиннің айтуынша, елдегі жұмысшылардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірнеше жылдан бері «Заң клиникасы» жұмыс істеп келеді. Бұл дегеніміз жұмысшылар 24 сағат бойы өз мәселесін айтып, көмек сұрай алады. Мәселен, соңғы бірнеше жылда азаматтардан 6 мыңнан аса өтініш түскен. Олардың арасында сотқа жеткені де бар. Федерация 247 сотта еңбек адамының мүддесін қорғап, жеңіп шыққан. «Басты мақсат – жұмысшылардың мәртебесін көтеру»,- дейді кәсіподақ төрағасы.
Сатыбалды Дәулеталин, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы:
Көбірек түскен мәселелердің арасында ол жалақы мәселесі. Жұмыстан алу, жұмысқа тұру мәселелері. Сосын еңбек жағдайлары мәселесі. Бұл мәселені цифрлық қамтамасыз ету жағынан қарастырып жатырмыз. Себебі, кез келген кәсіподақ мүшесі, еңбеккер қай жерден болса да біздің заңгерлерге шығып, өзінің жағдайларын айтып, құқықтық көмек ала алатын мүмкіндік туғызуымыз керек.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Kozybayev University ғалымдары жол жабынының беріктігін арттыратын технология әзірледі
02.11.2026, 18:35
Баламалы энергия көздерін дамыту туралы заң қабылданады
02.11.2026, 17:17
Атырауда экстремистік топтың 10 мүшесі ұсталды
02.11.2026, 17:13
Жол салу стандарттары өзгереді
02.11.2026, 17:12
Мемлекет басшысы Теміртауға жұмыс бабымен барды
02.11.2026, 17:00
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15