Қазақстандық шахматшы қыздар сенсация жасады
Шахматтан әйелдер арасында Грузияда өтіп жатқан Әлем кубогында Меруерт Камалиденова айды аспаннан бір-ақ шығарды. Отандасымыз 1/32 финалда қазіргі чемпион ресейлік Александра Горячкинаны жеңді. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады. Әлемнің 107 шахматшысы бақ сынап жатқан бәсекеде әр қатысушы қарсыласымен классикалық форматта 2 партия ойнап, өзара жеңімпазды анықтайды. Енді жерлесіміз ертең қара фигурада ойнап, Александраны тағы да жеңуге барын салмақ. Сондай-ақ 15 жастағы қазақстандық Эльназ Қалиахмет грузиндік халықаралық гроссмейстер Нино Бациашвилиді жарыс жолынан шығарып, суперсенсация жасады. Осылайша, Эльназ үшінші кезеңге сәтті өтті.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Kozybayev University ғалымдары жол жабынының беріктігін арттыратын технология әзірледі
02.11.2026, 18:35
Баламалы энергия көздерін дамыту туралы заң қабылданады
02.11.2026, 17:17
Атырауда экстремистік топтың 10 мүшесі ұсталды
02.11.2026, 17:13
Жол салу стандарттары өзгереді
02.11.2026, 17:12
Мемлекет басшысы Теміртауға жұмыс бабымен барды
02.11.2026, 17:00
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15