Алматы облысында жол-көлік апатынан 6 адам көз жұмды
Алматы–Бішкек тасжолында жантүршігерлік жол-көлік апаты болып, бес жолаушы мен бір жұмысшы көз жұмды. 2 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының ақпаратына сәйкес, оқиға болған сәтте жол бойында 9 жұмысшы мен 5 арнайы техника жүрген. Алдын ала мәлімет бойынша, «Toyota Alphard» көлігінің жүргізушісі жол жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жердегі жол пайдалану қызметінің тракторына соқтығысқан. Апат болған аумақта жөндеу жұмыстары туралы тиісті ескерту белгілері орнатылған. Полиция жүргізушілерге жол жөндеу жұмыстары кезінде аса мұқият болуды ескертті.
Ернар Сайдилдин, Алматы облысы ПД бөлім басшысы:
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Полиция жүргізушілерді ерекше сақ болуға шақырады.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15