Интернет-алаяқтықтың жаңа түрі таралып жатыр
Интернет-алаяқтардың жаңа схемасы таралып жатыр. Бұл туралы Астана қаласының Полиция департаменті ескертеді. Алаяқтар ең алдымен танымал мессенджерлер мен қосымшаларда интернет арқылы «оңай табыс табу» жөнінде жалған хабарландырулар орналастырады. Келіскен адамға SIM-карталарды сатып алып, оларды жалға беруін сұрайды және ақша төлейтінін уәде етеді. Астанада дәл осындай хатқа 14 жастағы жасөспірім сеніп, қылмыскерлерге басқа мессенджерлерді пайдалануға жол ашып берген. Осы дерек бойынша оның ата-анасы бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Рамиль Иманқұлов, Астана қаласы Полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқарма бастығының орынбасары:
Еске саламыз, SIM-карталарды және жеке деректерді үшінші тұлғаларға беру қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Мұндай деректер қылмыстық сызбаларда пайдаланылуы ықтимал. Азаматтарды қырағы болуға және жеңіл табыс туралы күмәнді ұсыныстарға алданбауға шақырамыз.
Темірлан Нұржанұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53