Саясаттанушы: Конституциядағы өзгерістер – қоғамды демократияландырудың алғышарты
«Конституциядағы өзгерістер – қоғамды демократияландырудың алғышарты».
Батысқазақстандық саясаттанушы ғалым Тұрар Шайхиев 2022 жылы Ата заңға енгізілген өзгерістер қоғам дамуына оң серпін берді, - деп санайды. Мәселен, бұрынғы конституциялық кеңестің орнына Констиуциялық соттың құрылуы – адам құқығы қорғалуының ең жоғары кепілі. Конституциялық сот шешімін ешбір орган өзгерте алмайды. Әрі адам құқығын қорғау жөніндегі уәкіл бекітілді. Сондай-ақ мемлекет суперпрезиденттік басқарудан күшті парламенті бар президенттік басқару формасына өтті және президент туыстарының жоғары саяси қызметтерді атқаруына тыйым салынды. Жер мен табиғи ресурстардың халықтың меншігі деп айқындалуы бұған дейінгі дауларға нүкте қойды. Сондай-ақ Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауы да өзгеріске ұшырады.
Тұрар Шайхиев, саясаттанушы, М.Өтемісов атындағы БҚУ кафедра меңгерушісі:
Бұрын депутаттар тек қана партиялық тізім бойынша сайланып келген болса, енді аралас сайлау жүйесі бойынша сайланады. Тек қана партиялық тізім емес, сонымен қатар депутаттардың бір бөлігі халық арқылы да сайланатын болды. Мұны мажоритарлық жүйе дейді. Бір мандаттық округтер бойынша тікелей халық сайлауы. Бұл депутаттардың жауапкершілігін күшейтеді. Себебі бұрын депутаттар партияға тәуелді болатын болса, енді ешқандай партияға алаңдамай, өздерінің саяси қызметін тікелей атқара береді.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы