Қостанай облысында полицияда есепте тұрғандар смарт-білезік тағып жүретін болды
Елімізде енді пробациялық есепте тұрған сотталушыларды құқық қорғаушылар электронды білезік арқылы бақылап отырады. Мұндай жаңашылдық алғаш Қостанай облысында енгізіліп отыр. Бұрын бұл мақсатқа аяққа тағылатын құрылғылар қолданылған еді. Сырт көзге сағат көрінетін білезікке GPS орнатылған. Енді тек монитордан ғана емес, ұялы телефон арқылы да жазасын өтеушінің қай жерде жүргенін көруге болады. Сондай-ақ SIM картасы бар құрылғыға инспекторлар қоңырау шалып, тікелей байланысқа да шыға алады. Жалпы, облыста 1060-қа жуық адам пробациялық есепте тұр, оның елуіне осындай электронды бақылау білезіктері тағылмақ.
Айзада Нұрахметова, қалалық Пробация бөлімінің аға инспекторы:
Біздің міндетіміз бақылау ғана емес, адамның өмірін өзгертуге көмектесу. Олар бізге қадағалауды жүзеге асырып қана қоймай, қоғаммен байланыс сақтай отырып, қалыпты өмірге оралуына мүмкіндік жасайды. Біз нақты уақыт режимінде адамның қай жерде екенін қарай аламыз.
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрылтай сайлауының үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
28.07.2026, 20:10
Ертең «Болашақ ойындары 2026» халықаралық мультиспорттық турнирі басталады
28.07.2026, 20:07
Ертең «Qazaqstan» телеарнасында ұлттық теледебат өтеді
28.07.2026, 20:07
Желілерді жаңартуға 13 триллион теңге бөлінеді
28.07.2026, 20:05
Әлеуметтік желі арқылы заңсыз контент таратқан 9 стример жауапқа тартылды
28.07.2026, 20:05
Қайтыс болған адамның несиесі кімге жүктеледі?
28.07.2026, 20:05
Әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көшесі Петропавл қаласында орналасқан
28.07.2026, 20:04
Қарызды өтеу: Коллекторлардың қызметі өзгереді
28.07.2026, 20:04