Үндістандағы алапат тасқыннан 30 адам қаза тапты
Үндістанның солтүстігіндегі Пунджаб штатында төпелеп жауған жаңбыр мен алапат тасқыннан 30 адам қаза тапты. Тағы 354 мыңы зардап шеккен. Қазір аймақтағы резервуар мен өзендер арнасынан асуға жақын. Сондықтан, 23 ауданда төтенше жағдай жарияланды. Бұған қоса, төменде орналасқан елді мекендерден 20 мыңдай адам эвакуацияланды. Олар үшін уақытша шатырлар тігіліп жатыр. Пунджабтың бас министрінің мәлімдеуінше, бұл осы штатта 1988 жылдан бері болған ең үлкен су апаты. Одан 148 мың гектар егістік алқабы жойылған. Сол себепті ауылшаруашылығына тәуелді 30 миллион тұрғынның жағдайы алдағы уақытта тіпті қиындауы мүмкін.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жігерлі жандар – көпке үлгі
16.09.2026, 20:28
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
16.09.2026, 20:27
Талдықорған жастары Қаратал өзенінің жағалауын тазалады
16.09.2026, 20:25
Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады
16.09.2026, 20:20
Ақтауда мектеп асханасындағы ас мәзірі жаңарды
16.09.2026, 20:19
Түркияда интернет арқылы қылмыс істеген мыңнан аса адам ұсталды
16.09.2026, 20:10
Вице-президент: Ішкі саясатта үш басымдыққа мән беріледі
16.09.2026, 20:09
«Отбасы банкке» аударылған зейнетақы жинағын сақтау мерзімі өзгерді
16.09.2026, 20:07