Елімізде 102 қызметі ЖИ арқылы жұмыс істеуі мүмкін
Елімізде 102 қызметі ЖИ арқылы жұмыс істеуі мүмкін. Қостанай облысында сынақ режимде «SMART-кезекші» жобасы іске қосылды. Жасанды жады желі арқылы келіп түскен қоңырауды автоматты түрде жазып алып, өзі өңдеп отырады. Яғни, операторлар бұрынғыдай деректерді жазып, уақыт жоғалтпайды. Басты мақсат – жедел қызмет көрсетіп, жұмыс сапасын арттыру. Сондай-ақ 23 маусымнан бастап еgov пен kaspi қосымшалары интеграцияланған еді. Азаматтар кез келген құқықбұзушылық жайында онлайн арыз-шағым жаза алады. Жалпы, соңғы 8 айда азаматтардан мобильді қосымшалар арқылы 747 хабарлама келіп түскен.
Гүлдана Қабдрахметова, облыстық Жедел басқару орталықтары
және кезекші бөлімдерді басқару бөлімінің аға инспекторы:
«EgovMobile» арқылы 109, «Kaspi» банк қосымшасы арқылы 100-дей хабарлама келіп түсті. Қазіргі уақытта ішкі істер органдарында қызметтерді цифрландандыру мақсатында 5 қыркүйектен бастап «SMART-кезекші» жобасы іске қосылды. Жоба мақсаты – азаматтардың полицияға деген сенімін арттыру, адами факторды азайту.
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53