Президент Жолдауы: Үкімет іске кірісті
Бір палаталы Парламент құру, алдағы 3 жылда толықтай
цифрлық мемлекетке айналу, елге инвестиция тарту.
Сондай-ақ қайтарылған жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына енгізу. Кеше
Президент Жолдауында айтылған осы бағыттар жедел жүзеге асуы қажет. Бірақ
қалай? Бүгін Үкімет оның жүзеге асыру жолдарын пысықтамақ.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Дәл қазір мұнда Үкімет мүшелерінің қатысуымен жиын өтіп жатыр. Отырысқа әрине Мемлекет басшысының кешегі Жолдауы арқау болып отыр. Айта кету керек, Президент алдағы негізгі міндеттер деп 7 бағытқа тоқталды. Біріншісі елге тартылатын инвестиция көлемін ұлғайту. Бас прокуратураның заңсыз активтерді қайтарған комитеті енді инвесторлардың құқығын қорғайды. Сарапшылардың айтуынша, бұл ірі инвесторларға позитивті сигнал болуға тиіс. Сондай-ақ елімізде жаңа министрлік құрылады. Ол Жасады интеллект және цифрлық даму деп аталмақ. Мақсат алдағы 3 жылда толықтай цифрлық мемлекетке айналу. Саяси сала да назардан тыс қалған жоқ. Енді қос палата ыдырап, бір палаталы Парламент құрылмақ. Сондай-ақ ауыл шарушалығын жаңа денгейге көтеріп, қайтырлған жерлерді келесі жылдың ортасына дейін айналымға енгізу міндеті қойылды. Осының бәрі қалай жүзеге асырылмақ? Үкіметтің жоспары қандай? Бұны әрине жиыннан кейін білеміз.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдіктер Қазақстанға келу үшін электронды рұқсат алуы керек
02.11.2026, 13:02
Президент жұмыс бабымен Қарағанды облысына барды
02.11.2026, 13:00
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03