Қарағанды облысында сот ісін цифрландыру дамып келеді
Қарағанды облысында сот ісін цифрландыру қарқынды дамып келеді. Бүгінде өңірдегі 28 аудан, қалалық соттарының барлығында арнайы аудио және бейнежазба жүйелері орнатылған. Бұл соттың барынша ашық әрі әділ өтуіне кепілдік бермек. Облыста 200-ден аса судья қызмет етеді. Әрбір сот ісіне жауапты судьяларды енді автоматты түрде жүйе өзі таңдайды. Бұл тілдік еркіндік пен 4 түрлі өндіріске қатысты бағытта білікті маманды таңдауға мүмкіндік бермек. Онымен қоса, жасанды интеллект арқылы судьялар елімізде болған ұқсас жағдайларға қарай отырып, қосымша кеңес ала алады. Арнайы жүйеге 10 миллионға жуық сот істерінің шешімі енгізілген.
Мирлан Қызылов,
облыстық Сот әкімшілігі департаментінің басшысы:
Барлық азаматтар заң мен сот алдында тең деген ұғымды іске асыру керек. Сот процесіндегі барлық құжаттар азаматтарға қолжетімді болуы керек және ашық түрде жүзеге асыру керек. Сондықтан судьялардың қолданып жатқан бағдарлама халыққа да қолжетімді болмақ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53