Түркістан облысында жалған құжатпен миллиондап субсидия алғандар анықталды
Түркістан облысының Келес ауданында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға берілген субсидияны жалған құжаттар жасау арқылы алған азаматтар анықталды. Яғни 103 млн теңгеден аса ақша алған 6 шаруашылық қожайыны бір де бір мал алмай, субсидияны бас пайдасына жаратқан. Сондай-ақ аудан прокуратурасымен жүргізілген тексеру барысында тұрғындардың субсидия талаптарын бұзып, малдарды сатып, сойып жіберген деректер тіркелді. Атап айтқанда, 106 млн теңгеге субсидияланған мал басының сақталу мерзімі бұзылған. Қазіргі таңда 11 млн теңге субсидия қаражаты мемлекетке қайтарылды.
Дәулет Әділбеков, Келес аудандық прокуратурасының прокуроры:
Жалған мал басын тіркеу және субсидия мерзімінің талаптарын бұзған шаруа қожалықтары бойынша Түркістан облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасына қадағалау актісі енгізілді. Одан бөлек алты шаруа қожалығының жалған мал басын тіркеу бойынша қылмыстық іс қозғалу сатысында.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53