Ауғанстанда зілзаладан кейін мыңдаған адам далада түнеуге мәжбүр
Ауғанстанда өткен айдың соңында болған алапат зілзаладан кейін мыңдаған адам далада түнеуге мәжбүр. Олар азық-түлік пен дәрі-дәрмекке зәру. Мұны Халықаралық миграция ұйымы мәлімдеді. Дерекке сай, апаттан қираған аудандардағы 134 мың тұрғынды уақытша шатырларға орналастырып, шұғыл медициналық қызмет көрсету үшін 16,8 миллион доллар жәрдем қажет.
Ауғанстанда
магнитудасы 6 балдық жер сілкінісі тамыздың 31-де болды. Одан 2200 адам қаза
тауып, 7 мыңдай үй қирап, жарты миллиондай халық зардап шеккен. Биылдың өзінде
бұл мемлекетке Иран мен Пәкістаннан 1,7 миллион адам депортацияланды. Және де
800 мыңдай ауғандық ел ішінде босып жүр. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәлімдеуінше,
бұл адамдар да шұғыл көмекке мұқтаж.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жігерлі жандар – көпке үлгі
16.09.2026, 20:28
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
16.09.2026, 20:27
Талдықорған жастары Қаратал өзенінің жағалауын тазалады
16.09.2026, 20:25
Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады
16.09.2026, 20:20
Ақтауда мектеп асханасындағы ас мәзірі жаңарды
16.09.2026, 20:19
Түркияда интернет арқылы қылмыс істеген мыңнан аса адам ұсталды
16.09.2026, 20:10
Вице-президент: Ішкі саясатта үш басымдыққа мән беріледі
16.09.2026, 20:09
«Отбасы банкке» аударылған зейнетақы жинағын сақтау мерзімі өзгерді
16.09.2026, 20:07